nКүкірттің құрамы 3 – 5 % дейін болған кезде жұмсақ, берік резиналар, ал 25 - 30% көп болғанда морт сынғыш эбонит пайда болады. Күкірттің құрамы вулкандау үшін минималды – 0,1 % жуық, ал максималды тігетін күкірт құрамы - 32%. Вулкандау процесін жылдамдату үшін кейбір органикалық заттарды енгізеді. Олар вулкандауды үдеткіштер деп аталады.
n
Вулкандау кезінде вулканизациялық  тор тігу процесімен бірге қосымша реакциялар өтуі мүмкін. Олардың ішінде тотығу мен кейбір изомерлі түрленулер ішкі молекулалардың күкіртпен қосылуының нәтижесінде жүреді.  Кейбір керек емес реакцияларды болдырмау үшін вулкандаушы топтардың ішіне екіншілік үдеткіштер активаторлар  - май қышқылдары мен металл оксидтері енгізіледі. Вулканизация кезіндегі химиялық реакцияның механизмі вулкандаушы топтың құрамы, каучук түрі және процесс жүргізу шартына байланаысты. Күкіртті вулкадаудың негізгі кемшілігі пайда болған вулканизаттардың химиялық және термиялық төзімділігінің төмендігі болып саналады. Пероксидпен вулкандауда тігілу процесі бос радикалдар әрекетінен,  яғни пероксидтердің жылу бөлу арқылы каучукпен қоспа түзгенде пайда болады. Эффективті болып кумил пероксиді мен трет – бутила болып саналады